Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Абай әлеміне саяхат»
14.02.2025
14 ақпан күні Әмбебап оқу залында қазақ ақыны, халық ағартушысы Абай Құнанбаевтың бай шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында «Абай әлеміне саяхат» атты поэзия сағаты өтті.
Оған «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары қатысып, олар Абай Құнанбаевтың түрлі поэтикалық шығармаларынан үзінділер оқыды. Екі тілде халықтың өмірі, дүниетанымы, мінезі, тілі мен рухы бейнеленген әйгілі «Қара сөздері» оқылды.
Іс-шара барысында қонақтар Абайдың өлмес ойлары адамды өз өмірі туралы ойлануға, оның мәні мен өзін-өзі жүзеге асыру жолдарын іздеуге үйрететініне көз жеткізді. Оқушылардың пікірталастарға белсенді қатысуы, олардың ойлары мен алған әсерлері іс-шараның шырайын келтіріп, ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға, оған жиналғандардың назарын аударуға және оны тереңірек түсінуге ықпал етті.

@zhayli_mektep31_kst

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ