Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітапханалардың 2024 жылғы жұмысының нәтижелері» басшылық мектебі
24.02.2025
24 ақпанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК облыс кітапханаларының басшылары, директорлары мен әдіскерлері үшін «Кітапханалардың 2024 жылғы жұмысының нәтижелері» тақырыбында онлайн нысанда басшылық мектебін өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік кітапханалардың өткен жылғы жұмысына талдау жасалды, үшінші «#ОқыжәнеЖең» кітап оқу байқауына үгіт-насихат жұмыстарын дайындау және өткізу нәтижелері, сондай-ақ кітапханалардың дәстүрлі қағаз түріндегі мұрағаттардан цифрлық ресурстарға көшуі талқыланды.
Мектепке қатысушылар өңірдегі кітапхана ісін одан әрі дамыту және оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарларын талқылады.
Іс-шара кітапханалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті және олардың дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ