Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Поэзия – өмірдің әрі мен нәрі»
17.03.2025
17 наурыздан бастап Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында Дүниежүзілік поэзия күніне орайластырылған «Поэзия – өмірдің әрі мен нәрі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Поэзия кез келген сезімді білдіруге, жүрегіңнің түкпірінде жатқан небір ойларыңды оңай және қарапайым жеткізуге мүмкіндік беретін күш болып табылады. Онсыз біздің өміріміз мүмкін емес! Сондықтан ЮНЕСКО-ның шешімімен жыл сайын 21 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік поэзия күнінің құрылғаны өте дұрыс шешім болды.
Көрмеде әртүрлі авторлардың: әлемге әйгілі, сонымен қатар қазіргі заманғы және классикалық авторлардың әр жылдары жарық көрген поэтикалық жинақтары ұсынылған. Сондай-ақ поэзия әуесқойлары мен кәсіби жазушылар өлең құрастыру теориясы жайындағы кітаптармен және сүйікті авторларының шығармаларын тереңірек түсінуге көмектесетін поэтикалық аударма жайындағы кітаптармен таныса алады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ