Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлттық ойын әлемінде» (Ұлттық спорт күні)
20.03.2025
20 наурызда Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері ұлттық ойындарға арналған Наурызнамның жетінші күнін өткізді.
«Ұлттық ойын әлемінде» көңілді және танымдық спорттық калейдоскобына Қостанай қаласының №11 ЖББМ 5-ші сынып оқушылары қатысты. Бұл күн балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарымен танысуға мүмкіндік берді. Жас қатысушылар өз күштерін әртүрлі ұлттық ойындарда сынап көрді: «Құрақ көрпе» – логикалық ойлауды қажет ететін зияткерлік жарыс; «Бес асық» – дәлдік пен мергендікті қажет ететін ежелден келе жатқан ойын; «Аударыспақ», «Оқтау тартыс», «Арқан тартыс» – командалық рухты тәрбиелейтін күш жарыстары; «Теңге алу» – көңілді және жылдам ойын.
Әр қатысушы қызықты жарыстарда тапқырлық, күш пен ептілік таныта алды, құрбыларымен болған ойыннан қуанышқа кенелді, ал достық ахуал мерекенің сәнін келтіріп, көңілді ете түсті!
Іс-шара соңында балалар шағын сыйлықтар алып, дәстүрлі тәттілерден дәм тата алды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ