«Ұлт тарихын танытқан тұлға»
27.03.2025
27 наурызда Өлкетану әдебиеттері бөлімі профессор, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлымен «Ұлт тарихын танытқан тұлға» тақырыбында кездесу өткізді.
Аманжол Күзембайұлы тарих әдіснамасы мен теориясының, сондай-ақ ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихының маманы болып табылады, археология, этнология және Қазақстан тарихы бойынша 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.
Кездесуге қаланың жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының студенттері қатысты. Іс-шара «сұрақ-жауап» түрінде өтті. Қонақтар Аманжол Күзембайұлының өмірі мен ғылыми жұмысы туралы көптеген қызықты нәрселерді білді.