«Шығыстың ұстазы»
21.04.2025
Биыл философия, логика, математика, астрономия, музыка және басқа да ғылымдар саласында бай мұра қалдырған ұлы ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толады.
Осы бір елеулі оқиғаға орай Әл-Фарабидің негізгі еңбектері, сондай-ақ оның өміріне, ғылыми мұрасына және ғалымның әлемдік ғылымның дамуына әсеріне арналған әдебиеттер жинақталған библиографиялық көрсеткішті ұсынамыз.
Бұл көрсеткіш зерттеушілер мен Әл-Фарабидің мұрасын, оның философиялық және ғылыми көзқарастарын, сондай-ақ оның ғалымдар мен ойшылдардың кейінгі ұрпақтарына әсерін зерттеуге қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін құнды дереккөз болып табылады.