«Субтитрі бар 28 панфиловшы фильмі»
22.04.2025
22 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ-нің есту қабілеті бұзылған балаларға арналған «субтитрі бар 28 панфиловшы» фильмінің көрсетілімі өтті.
Фильм субтитрмен сүйемелденді – әр кадр түсінікті болды және айтар ойлары көрермендерге жетіп жатты. Балалар өте мұқият қарады – олардың жүздерінен жанашырлық, қызығушылық, мақтаныш сезіліп тұрды. Бабаларымыздың ерлігі оларға қаншалықты терең әсер еткені анық аңғарылды. Қимылдар мен мимика арқылы олар батылдық, достық, рухтың күші туралы өздерінің эмоцияларымен бөлісті. Киносеанстан кейін балалар үшін кітапхана бойынша экскурсия өткізілді. Олар кітап көрмелерімен қызығушылықпен танысып, суреттерді тамашалады.
Бұл күн олардың есінде ұзақ сақталатын болады.