«Ғылым жолындағы ғұмыр»
24.04.2025
2025 жылы Қазақстан көрнекті ғалым, физик Жылқыбаева Мағрипа Шөжеғұлқызының туғанына 80 жыл толуын атап өтуде. Осы күнге орай Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері үшін дәріс түріндегі «Ғылым жолындағы ғұмыр» атты көшпелі іс-шара дайындады.
Кітапхана қызметкерлері Мағрипа Жылқыбаеваның өмірі мен кәсіби қызметінде орын алған қызықты деректерді келтіріп, оның физика саласындағы жетістіктері туралы айтып берді. Дәрісті петроглифтер мен Алтын адамды зерттеу тарихына арналған бейнероликтер толықтырды.
Іс-шара жастарға Мағрипа Жылқыбаеваның еңбектерінен шабыт пен білім алуға жақсы мүмкіндік болды.