Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Барлығына түсінікті туынды» (тифлотүсініктемесі бар фильм қарау)
28.04.2025
28 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жиналыс залында режиссер Роберт Земескистің «Форрест Гамп» фильмінің көрсетілімі өтті.
Көрсетілім тифлотүсініктемемен сүйемелденді, бұл қараушылардың оқиғаға бай, ағартушылық мәні бар қызықты фильмді құмарта қарауына мүмкіндік берді. Көрермендер фильмді қызыға тамашалады және тыңдады, ал басты кейіпкердің жеңістері қатты әсер етіп, жігер берді. Форрест Гамп – ерекше қажеттіліктері бар адам. Өмірдегі барлық қиындықтарға қарамастан, ол бәріне өзі қол жеткізеді және ешетеңеге мойымайды.
Көрермендер бұл картина көптеген жылдар бойы өзектілігін сақтап келе жатқанын, актерлердің қайта-қайта қарай беруге болатын керемет шеберлер екенін атап өтті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ