Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі кеңес
29.04.2025
29 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің және Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің терроризмге қарсы орталығының өкілдері ұйымдастырған кеңес өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтау, атап айтқанда, осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, терроризмге қарсы іс-қимыл шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кеңеске Қостанай қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері қатысты.