«Бірлік пен келісім – Қазақстан халқының басты құндылықтары»
30.04.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары «Жаныңа жақын кітабыңды тап» жобасы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №40 мекемесінің қызметкерлері мен сотталғандар үшін «Бірлік пен келісім – Қазақстан халқының басты құндылықтары» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрме Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды.
Іс-шара еліміздің құрылу тарихымен, қоғамдағы бірлік пен әлеуметтік келісімді одан әрі нығайтудың, сондай ақ Қазақстан халықтары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытудың келешегімен танысқан қатысушылар үшін маңызды оқиға болды.
Кездесу республикадағы этносаралық келісімнің қалыптасуының негізгі кезеңдерін және әрбір азаматтың баршаға ортақ бейбітшілік пен келісім ісіне қосқан үлесін көрсететін танымдық бейнетаныстырылыммен сүйемелденді.
Іс-шара азаматтыққа, отаншылдыққа және Қазақстанның байлығын құрайтын мәдениеттердің алуан түрлілігін құрметтеуді тәрбиелеудегі диалогтың, ағарту мен тарихи жадының маңыздылығын көрсетті.