Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ер – елінің қорғаны»
02.05.2025
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы Отан қорғаушы күні қарсаңында сіздерді «Ер – елінің қорғаны» көрме-қарауын тамашалауға шақырады.
Көрме Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы мен қазіргі кездегі жағдайына, сондай-ақ мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі қазақстандық әскери қызметкерлердің рөліне арналған.
Көрмеде елдің әскери өмірінің әртүрлі аспектілерін ашатын материалдар ұсынылған. Генерал-лейтенант Абай Тасболатовтың «Верховный главнокомандующий – гарант военной безопасности» кітабы Елбасының Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі туралы әңгімелейді. Т. М. Мұхамадеевтің «Военная стратегия Казахстана: исторический аспект» монографиясы әскери салада болып жатқан процестерге терең талдау жасауды ұсынады және Қазақстан Республикасының әскери стратегиясының даму заңдылықтары мен үрдістерін түсінуге мүмкіндік береді.
Баршаңызды біздің көрмеге қатысуға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы туралы жаңа білім алуға шақырамыз. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ