«Актуальная графика»
05.05.2025
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде көрнекті кеңестік график-суретші Евгений Матвеевич Сидоркиннің шығармашылығына арналған көрме ашылды.
Көрме келушілерді арасында классикалық және қазіргі заманғы әдебиет шығармаларына жасалған безендірулер, сондай-ақ Қазақстан халықтарының өмірі мен мәдениетіне арналған сериялар бар суретшінің графикалық мұрасының үздік туындыларымен таныстырады.
Көрме Сидоркиннің суретшілік шеберлігін көрсетіп қана қоймай, оның кеңестік бейнелеу өнері мен ұлттық графиканың дамуына қосқан үлесін де ашады. Материалдарды мұқият таңдаудың арқасында оқырмандар суретші жасаған бейнелер әлеміне еніп, дәуірдің тынысын және оның шығармаларында көрсетілген ұлттық ерекшелікті сезіне алады.