Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Менің елім – менің жерім»
05.05.2025
5 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №30 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған отаншылдық сағаты өтті. Отан қорғаушы күніне арналған іс-шара еліміздің әскерін, әскери борышты және ерлікке толы өткен тарихымызды құрметтей білуге бағытталған.
Кітапханашылар бұл мерекенің маңыздылығы туралы, Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінен бастап қазіргі заманғы сарбаздарға дейінгі Отан қорғаушылар туралы айтып берді. Оқушылар қысқа бейнесюжеттерді көріп, ерліктер туралы әңгімелерді тыңдады және нағыз Отан қорғаушы болу дегеннің нені білдіретінін талқылады.
Танымдық сипатқа ие болған іс-шара барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ