«ПРОчтение»: Снегин Д. «В те дни и всегда»
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері пайдаланушыларды Қазақстан әдебиетімен таныстыруды жалғастыра отырып Қазақстанның халық жазушысы Дмитрий Федорович Снегиннің «В те дни и всегда» романы бойынша бейнеролик дайындады.
Оқиғалар Ұлы Отан соғысы кезінде өрбиді. Шығарма Брест қамалының қаһармандық қорғанысы туралы баяндайды. Бұл қорғаныстың кеңес сарбазының батылдығы мен ерлігінің символына айналғаны белгілі. Басты кейіпкерлердің тағдыры арқылы автор сол бір қорқынышты күндердегі рухтың керемет күші мен Отанға деген адалдықты көрсетеді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=bfYAZgQlxNw