«Тұлғалар тағдыры: қуғын-сүргін құрбандарының тарихы»
20.05.2025
2025 жылғы 20 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тұлғалар тағдыры: қуғын-сүргін құрбандарының тарихы» атты еске алу сағаты өтті.
Іс-шараға облыстың ғылыми және мәдени қоғамдастығының өкілдері: ЧелМУ Қостанай филиалының профессоры Д. А. Качеев, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы С. С. Исмаилов, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Б. Жүсіпов, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Е. С. Николенко қатысты.
Кездесу барысында миллиондаған азаматтардың тағдырына әсер еткен жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың тарихи аспектілері мен салдары қарастырылды. Баяндамашылар қуғын-сүргіннің елдің қоғамдық дамуына, мәдениеті мен тарихи жадына жойқын әсер еткенін атап өтіп, тарихтың осы бір қайғылы беттерін дұрыс түсінудің және бағалаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қонақтардың назарына трагедияның ауқымын көрсететін және оның себептері мен салдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін басылымдар мен мұрағаттық материалдар ұсынылған кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.