«Тарихқа жазылған жад»
21.05.2025
21 мамырда Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің кітапханашылары жиналыс залында «Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметкерлері үшін Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагерінің – АЛЖИР-дің тұтқындарын еске алуға арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара басталар алдында кітапхана қорындағы құжаттар қойылған «Тарихтың қасіретке толы беттері» атты кітап көрмесінің материалдары бойынша шолу жасалды.
Қатысушыларға 1938-1953 жылдар аралығында Ақмола облысының аумағында жұмыс істеп тұрған лагерь тарихы туралы таныстырылым ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері «АЛЖИР – азап аралы», «Лютый холод АЛЖИРа» атты танымдық фильмдер дайындады, әйелдердің қайғылы тағдырлары, қазақ халқының риясыз көмегі туралы айтып берді.
Іс-шараға қатысқан Қостанай және Торғай облыстары бойынша КОКП ОК жанындағы сырттай жоғары партия мектебінің оқу-консультативтік пунктінің меңгерушісі, тарих, қоғамтану, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Вера Александровна Бондаренконың әңгімелері сол жылдардағы тарихи оқиғаларды түсінуге көмектесті.
Іс-шара қатысушылардың барлығына өткенді ұмытпаудың және жеріміздегі бейбітшілікті, достық пен келісімді бағалай білудің қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салды.