Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Еліміздің рәміздерін білесің бе?»
04.06.2025
4 маусымда Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері үшін көшпелі іс-шара – брейн-ринг зияткерлік ойынын өткізді. Кездесу Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналды.
Брейн-ринг аясында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңыздылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Бейнематериал рәміздердің – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның қалыптасу кезеңдерін көрнекі көрсетіп берді.
Брейн-ринг сұрақтары мемлекеттік рәміздерге қатысты көптеген тақырыптарды қамтыды, бұл қатысушыларға өз білімдерін тексеріп қана қоймай, көптеген жаңа нәрселерді білуге мүмкіндік берді. Студенттер ойынға белсенді қатыса отырып дайындықтың жоғары деңгейін, білімдарлық мен ұйымшылдықты көрсетті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ