Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
11.06.2025
11 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қаланың №18 мектебінің 5-7 сынып оқушылары үшін қызықты экскурсия өткізді.
Балалар өңірдің басты мәдени орталықтарының бірінің жұмысымен танысуға және кітапхана әлемінің астарына үңілуге тамаша мүмкіндік алды.
Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың негізгі бөлімдеріне барды. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінде балалар энциклопедиялардан ақпаратты қалай тез табуға болатыны, әлемдегі ең ерекше рекордтар туралы қандай кітаптардың айта алатыны туралы білді, сондай-ақ олар жаңа цифрлық технологияларды пайдалана отырып 3D нысандағы суретті басылымдардың беттерін парақтап шығуға мүмкіндік алды. Оқушылар туған өлке туралы баға жетпес мәліметтерді сақтайтын өлкетану бөлімінде, әмбебап оқу залында, бай кітап қоры бар абонементтер бөлімінде, қолжетімді нысандағы мамандандырылған жабдықтармен және әдебиеттермен жабдықталған көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде болды. Кітапханамен танысу жиналыс залындағы ойын бағдарламасымен аяқталды.
Экскурсия жас қонақтар үшін нағыз жаңалық болды: олар кітапхана жұмысының жан-жақтылығы туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар кітапхананың әркім өзіне керекті және өзі үшін қызықты нәрсесін таба алатын керемет кеңістік екенін сезінді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ