Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мәдени мұра» - ұлттық өрлеудің қуатты серпіні» облыстық семинары туралы ақпарат
05.06.2014

  «Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ 2002 жылдан бастап мемлекеттік тілде облыстық семинарлар өткізе бастады. Биылғы жылы 5 маусым айында «Мәдени мұра» - ұлттық өрлеудің қуатты серпіні» тақырыбымен 15-інші облыстық семинар өткізілді.  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың инициативасы бойынша әзірленді. Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды.Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.

Семинардың мақсаты: облыс  кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау, «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру, мәдени–әдеби мұраларды сақтау, сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді көпшілікке тарату, заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту, қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену, жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу.

Семинар жұмысына ҚР ҰК мен С.Мұқанов ат. Солтүстік Қазақстан ОӘҒК мамандары онлайн режимінде байланысқа шығып, ҚР Ұлттық кітапханасындағы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі Мадина Баянқызы Жарқналова ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан әдебиеттермен, ал ҚР ҰК сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Набат Мұсаханқызы Асқарбекова сирек қордағы құнды мұралармен таныстырып өтті. Сонымен қатар онлайн режимінде С.Мұқанов ат. Солтүстік Қазақстан ОӘҒК «Мәдени мұра» орталығының жетекшісі Майра Тұрғынқызы Әшімова тереңнен тамыр тартқан сан ғасырлық ұлттық рухты, патриоттық тәрбиені дәріптейтін мәдени мұраларды насихаттау мақсатында өткізген іс-шаралар тәжірибесімен бөлісті. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бөлімінің маманы Нәзима Қуанышбайқызы Оташева «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кітапханалармен байланысы туралы айтып кетті. Сонымен қатар облыстық кітапханалардың, қалалық және аудандық ОКЖ кітапханашылары да өз жұмыстарының тәжірибелерін ортаға салды. Қостанай қ. ОКЖ № 3 бөлімшесінің меңгерушісі Разия Мұхтарқызы Тасмағамбетова мен Амангельді ОКЖ Амантоғай ауылдық үлгілі кітапханасының меңгерушісі Қырмызы Сейілқызы Құлымбетова көрсеткен іс-шаралар тәжірибесінен үзінділер жиналғандардың есінде қалатын болды.

Семинарға қатысушылардың назарына «Мәдени мұра» - ұлттық өрлеудің қуатты серпіні» атты кітапханалық көрме ұсынылды. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus