Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«КІТАП ӘЛЕМІНДЕГІ ӨМІР» атты еске алуға арналған кеші және республикалық теориялық конференция
28.05.2014

2014 жылдың 28 мамырында І. Омаров ат. қазақ драма театрында Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Қ. Даулетованы еске алуға арналған «Кітап әлеміндегі өмір» атты республикалық теориялық конференция және еске алу кеші өтті.

Ұыймдастырушылар - Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы және Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Конференцияға 240 адам қатысқан болатын. Олар облыстық мәдениет басқармасы және республиканың мемлекеттік кітапханаларының мамандары, жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының кітапханашылары, Н.Қ. Даулетованың туыс туғандары, қаланың шығармашылық зиялы қауымы, кітапхана ісінің ардагерлері мен БАҚ өкілдері болды.

         Пленарлық мәжілісті Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Сероус Лариса Александровна ашты.

          6 баяндама тындалды:

«Н.Қ. Дәулетованың ҚР кітапхана ісінің дамуына қосқан ғылыми үлесі» - ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы

«Қоғам қайраткері – Нәзира Қожахметқызы»  - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының көпшілікпен жұмыс жөніндегі орынбасары, «Кітап патшалығы» журналының бас редакторы Исаханова Ғалия Бөкейқызы 

«Көргені көп кітапханашы» - ғылым кандидаты, «Petroleum» ЖШС басқарушы директоры (Н.Қ. Дәулетованың қызы) Хакімжанова Ғалия Жақияқызы

«Кітапхана ісінің көрнекті ғалымы» - ҚР Ұлттық кітапханасының ақпараттық технология қызметінің кітапханашысы Жолдасов Аян Темірбекұлы

«Ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы» - Л.Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Казина Гүлжамерия Ғалиасқарқызы

«Елі үшін еңбек еткен – ел есінде» - Н.Қ. Дәулетова ат. Сарыкөл ОКЖ директоры Дүтпаев Солдат Малбақұлы

Конференция аясында «Кітапхана ісіне арнаған ғұмыр» атты кітап көрмесі безендірілген.  Көрмеде ұсынылған әдебиеттер ҚР ҰК (Алматы қ.), Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК қорларынан алынған, ал экспонаттар Ы.Алтынсариннің мемориалды мұражай мен Н.К. Даулетова ат. Сарыкөл ОАК мемориалды бөлмесінен алынған. Конференцияның жұмысын қорытындылап, келесі қарар шығарылды: 

  1. Қоғамда кітапханашы мамандығының рөлі мен абыройын арттыру үшін жыл сайын қазақстандық кітапханатанушылар мұрасын зерттеу мақсатында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар  және тағы басқа іс-шаралар өткізіліп, ең үздік кітапханашыны марапаттауға Н.Қ.Дәулетова атындағы сыйлық тағайындау.
  2. 2015 жылы барлық ведомствалық кітапханалардың арасында кітапханатану және библиография бойынша облыстық конкурс жариялау.
  3. Ғылыми мұраның танымалдылығын арттыру үшін 2 жылда 1 рет Қазақстан республикасының облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларында Республикалық жастар форумын өткізу (1 өткізілу орны – Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК).
  4. БАҚ-ты кеңінен қолдана отырып кітапханатану және библиография аумағында әрдайым зерттеу жұмысын жүргізу.

Күннің екінші бөлігінде еске алу кеші сағат 15:00-де авторы журналист Бекмағамбетова Гүлжібек Баекенқызы боп табылатын Н.Қ.Дәулетова туралы видеофильмінен басталды. Назира Қожахметқызымен кездесулері жайлы естеліктерімен мемлекеттік, банктік және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қостанай облыстық кәсіподақ төрағасы Гайсенова Римма Ғабдоллақызы, ақын, ҚР жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет, облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Қуанова Роза Қаратайқызы, ҚР еңбек сіңірген кітапханашысы, Мәдениет қайраткері Ким Валентина Алексеевна сөз сөйледі.

Облыстық филармония әншілерінің музыкалық бағдарламалары шырқалды. Н.Қ.Дәулетоваға арналған өлең жолдары оқылды. І.Омаров ат. облыстық қазақ драма театрының әртістерінің орындауында «Мәриям, Ілияс» спектаклінен үзінді көрсетілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus