«Жазғы оқылым»
18.06.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 18 маусымнан бастап қала тұрғындары мен қонақтарын «Жазғы оқылым» әлеуметтік-мәдени акциясы аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылатын кітап көрмесіне шақырады.
Бұл жаз күндерін тиімді өткізудің тамаша мүмкіндігі болып табылады: сіздер классикалық көркем шығармалардан бастап қазіргі заманғы ғылыми-көпшілік әдебиетке дейінгі білімнің барлық салалары бойынша қойылған алуан түрлі әдебиеттерді көре аласыздар.
Көрме кітап оқуды ұнататын, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын және бос уақытты пайдалы өткізуді бағалайтын кез келген адам үшін кездесу орнына айналады.
Мәдени акцияға қосылыңыздар және ашық аспан астында кітаппен саяхатқа аттануға асығыңыздар!