Экскурсия
23.06.2025
23 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қостанай қаласының № 30 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өтті.
Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың басты байлығы –көптеген қызықты және пайдалы мәліметтер сақталатын кітаптар екенін білді. Кітапхананың түрлі бөлімдеріне барған балалар оның қалай ұйымдастырылғанын біліп, мінез-құлық ережелері және кітаптарды қалай дұрыс ұстау керектігі туралы ақпарат алды.
Оқушылар балалар энциклопедияларына, жануарлар мен өсімдіктер туралы кітаптарға, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиеттерге ерекше назар аударды. Олар балалардың қызығушылығы мен таңданысын тудырды.
Экскурсиядан кейін балалар сөрелердегі журналдар мен кітаптарды өз беттерінше қолдарына алуға, оларды парақтап және суреттерін қарап шығуға, үстел ойындарын ойнауға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, кітапханаға жиі келгісі келетіндерін жеткізді және ұқыпты әрі құнтты оқырман болуға уәде берісті.