«Конституция – мемлекеттің тірегі, азаматтардың құқықтарының кепілі»
02.07.2025
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің тірегі, азаматтардың құқықтарының кепілі» атты кітап көрмесі ашылды.
Көрме үш бөлімнен тұрады:
«Негізгі құқық тарихы» атты бірінші бөлім Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы мен қалыптасуы туралы баяндайды: С. Сартаев «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Л. Назаркулова «Становление Конституции Республики Казахстан» (БНҚ), (CD).
«Конституция және адам құқықтары» атты екінші бөлімінде конституциялық заңдар көрсетілген. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ Брайль қаріпмен ұсынылған, олардың ішінде Н. Дулатбеков, С. Амандықова «Мемлекет және құқық негіздері, Г. Искакова, Н. Ғазизова «Қазақстан Республикасындағы адам құқығы», (CD) басылымдары бар.
«Конституция – әділеттілік пен тәртіптің негізі» деп аталатын үшінші бөлімде әділеттілік, демократия және заң алдындағы теңдік принциптері ашылған әдебиеттер: «Қазақстан Республикасының конституциялық заңына түсіндірме», А. Сыздықова, Е. Мусабекова «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» және басқалар ұсынылған.
Көрме өскелең ұрпақ үшін ерекше маңызды болып табылатын білім беру құндылығына баса назар аудара отырып безендірілген. Ол Қазақстан Республикасының тарихын ел Конституциясын құру және дамыту жолдары арқылы көрсетеді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін көрмеде осы тақырып бойынша бейнематериалдармен танысуға мүмкіндік беретін QR-кодтар орналастырылған.