Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілетуге бағытталған «Кітап және қаламгер» жобасы аясында назарларыңызға Тұрсын-Мәмет Бұқабаевтың «Келші қайтып, көктемім!» кітабының бейнешолуын ұсынады.
Поэтикалық жинаққа талантты ақынның тек өлеңдері мен прозасы ғана емес, сондай-ақ замандастарының естеліктері де енген.
Тұрсын-Мәметтің шығармашылығын туған жерінің үні деуге болады. Оның өлең жолдары рухани тереңдікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы. Оның поэзиясы – жұртына ашқан жүрегіндегі сыр, жерлестерінің ұрпақтарын байланыстыратын алтын көпір.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=AT7gTJJUrgM