Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Нельсон Манделаның Халықаралық күні
14.07.2025
18 шілдеде апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрескен белсенділердің ең танымалы, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері және Оңтүстік Африка Республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті – Нельсон Манделаның Халықаралық күні атап өтіледі.
Атаулы күн қарсаңында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№40 мекеме» РММ жазасын өтеп жатқандар үшін Нельсон Мандела туралы ақпараттық іс-шара өткізді.
Тыңдаушыларға Нельсон Манделаның өмірбаянының негізгі кезеңдері, адам құқықтары үшін күреске және нәсілдік кемсітушілікті жеңуге қосқан үлесі, түрмеде өткізген ұзақ жылдары, сондай-ақ жаңа, демократиялық Оңтүстік Африканы құрудағы рөлі туралы айтылды. Іс-шара бейнематериалдарды көрсетумен жалғасты.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ