«Алаштың айбоз ұлы – Смағұл Сәдуақасов»
15.07.2025
Абонементтер бөлімінде қоғам қайраткері, жазушы, публицист Смағұл Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Алаштың айбоз ұлы – Смағұл Сәдуақасов» атты көрме-портрет дайындалды.
Көрмеге жазушының шығармашылық жолын көрсететін материалдар: Б. Қойшыбаев «Тарих және тұлға», Д. Қамзабекұлы «Смағұл Сәдуақасов» басылымдары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар, «Деятельность С. Садуакасулы и эффективность социально-экономического развития Казахстана и Центральной Азии: история и современность» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы қойылған.
Көрмені көруге шақырамыз.