«Алуан түстің шебері»
25.07.2025
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Қазақ КСР халық суретшісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған көрме ашылды.
Молдахмет Кенбаев – өзінің ерекше стилімен және ұлттық көркемдік дәстүрді дамытуға қосқан елеулі үлесімен танымал қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің көрнекті шебері.
Көрмеде Кенбаевтың көркемдік мұрасының алуан түрлілігін ашатын кітаптар, альбомдар, оның суреттері мен картиналарының репродукциялары ұсынылған. Сондай-ақ келушілердің назарына суретшінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы материалдар ұсынылады.
Барлық өнер сүйер қауымды көрмені тамашалауға шақырамыз.