Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде 21 шілде мен 25 шілде аралығында «Жазғы оқулар» акциясы аясында балаларды кітапханаға тартуға бағытталған бірқатар қызықты іс-шаралар өтті.
Апта бойы балалар «Болжамдар» атты интерактивті ойынға қатысып, музыка үзінділері мен бейнелер арқылы сүйікті мультфильмдер мен клиптерді тапты.
Сондай-ақ балаларға кітапхананың бөлімдері бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар өнер әлемі мен кітапхана қорындағы басылымдар туралы көп қызықты мәлімет алды. Апта достық, шығармашылық және жазғы көңіл күй атмосферасында өтті. Қатысушылар кітапханада өткізген уақыттан жағымды әсер алып, есте қаларлық сәттерге бөленді.