«Жастар – елдің басты күші»
30.07.2025
Әмбебап оқу залы сіздерді қоғамды, ғылымды, мәдениетті және экономиканы дамытудағы жас ұрпақтың рөліне арналған «Жастар – елдің басты күші» атты тақырыптық кітап көрмесін тамашалауға шақырады.
Көрмеде жастар саясатының, өзін-өзі жүзеге асырудың, білім берудің және еріктілер қозғалысының негізгі аспектілерін көрсететін кітаптар, журнал мақалалары, талдамалық материалдар және ғылыми-көпшілік басылымдар қойылған. Жас көшбасшылардың бастамаларына, отаншылдықты тәрбиелеу мәселелеріне, сондай-ақ жастар жүзеге асыратын инновациялық жобаларға ерекше назар аударылды.
Барлық қызығушылық танытқан оқырмандарды көрме материалдарымен танысуға және өздеріне шабыт берер табыстар тарихын табуға, жаңа идеялар мен дамудың жаңа жолдарын ашуға шақырамыз.