«Абай мұрасы – халық ұлағаты»
01.08.2025
1 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұлы қазақ ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған онкүндік аясында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты ашық микрофон шарасын өткізді.
Қонақтардың назарына ұлы халықтың ұлы перзентіне арналған «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде ұлы қазақ ақыны мен философының өмірі мен шығармашылығы жайлы кітаптар қойылды.
«Қазына» және «Өркен» клубтарының мүшелері қатысуымен «Оқудан қайтқан Абай» атты әдеби-музыкалық композиция ұсынылды. Шара барысында ұлы ақынның өлеңдерінен, «Қара сөздерінен» үзінділер оқылып, шығармашылығынан «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» атты әндері орындалды.
Ашық алаңда Абай мұрасын қадірлейтін және сүйетін кез келген адам сөз сөйлеп, өз өнерін көрсетті.