IFLA-ның 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресі
19.08.2025
18 тамызда Астанада IFLA-ның 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға әлемдік және отандық кітапхана мен ақпарат саласы үшін маңызды іс-шара болып табылады, ол бүкіл әлемнің кәсіби мамандарын тәжірибе, инновациялар және жаңа идеялармен алмасу мақсатында біріктіреді.
IFLA-ның 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресінің тақырыбы – «IFLA-ның инновациялық саясатының әлем кітапханалары дамуындағы рөлі. Оның кітапхана ісінің ілгерілеуіне қосқан үлесі».
18-22 тамыз аралығында қатысушылар кітапхана ісін дамыту, технологиялар және білімге қолжетімділік мәселелерін талқылайды. Бұл іс-шараға АҚШ, Нигерия, Қытай, Корея, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, Катар, ОАР, Жапония, Нидерланд, Өзбекстан, Канада, Франция, Үндістан, Норвегия, Ирак, Гана, Аустралия, Италия, Кения, Түркия және басқа да елдерден келген 114 елдің 1852 қатысушысы тіркелді.
Қазақстанның кітапхана қауымдастығының өкілдері де бұл маңызды оқиғаға қатысты. Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы атынан кітапхана басшысы Безаубекова Сәния Серікқызы қатысты.
Аталған іс-шара озық тәжірибемен алмасуға, жаңа технологияларды талқылауға және кітапханаларды дамыту стратегияларын халықаралық деңгейде қалыптастыруға тамаша алаң болды.
#ifla
#wlic2025