Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры»
22.08.2025

22 тамызда Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай облысының Әділет департаменті ұйымдастырған «Ата Заң – тәуелсіздіктің тірегі: 30 лет эволюции правовой государственности» конференциясына қатысты. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде өтті және Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтойына орайластырылды.

Кітапхана қызметкерлері қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен конституциялық құқықтың дамуының негізгі кезеңдеріне арналған «Ата Заң-мәңгілік елдің берік тұғыры» атты кітап көрмесін дайындады және оған шолу жасады. Шолуда Конституцияның егемендіктің символы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ елдің демократиялық дамуға және құқықтың үстемдігін нығайтуға деген ұмтылысын көрсететін, соңғы отыз жыл ішінде Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер сөз болды.

Көрме конференцияға қатысушылар арасында, әсіресе белсенділік көрсеткен және құқықтық ағарту мәселелеріне қызығушылық танытқан жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ