«Экопатриотизм – табиғат пен қоршаған ортаға қамқорлық»
18.09.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы назарларыңызға «Экопатриотизм – табиғат пен қоршаған ортаға қамқорлық» бейнешолуын ұсынады.
Бейнешолуда экопатриотизмнің негізгі аспектілері, оның болашақ ұрпақ үшін маңызы және экологиялық мәселелерді шешудің жолдары талқыланады. Қазіргі әлемде күн өткен сайын өзекті болып келе жатқан экология мен тұрақты дамудың маңыздылығы сөз болды. Экологиялық патриотизм өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен бірге табиғи ресурстарға, қоршаған ортаны қорғауға және экожүйелерді сақтауға жауапкершілікпен қарауды білдіреді.
Бұл бейнешолу экологиялық хабардарлықты ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылады және табиғатты қорғауға және тұрақты болашақты құруға әркімнің белсенді қатысуын ынталандырады.