«Өмірім өлеңіммен бірге өрілген»
19.09.2025
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның көрнекті ақыны, аудармашысы, журналисі Несіпбек Айтұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Өмірім өлеңіммен бірге өрілген» көрме-портретін рәсімдеді.
Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылық жолын көрсететін «Бостандық жырының бозжорғасы», «Антология современной казахской поэзии», «Независимый Казахстан. Антология современной литературы» басылымдары, таңдаулы шығармалары қойылды. Несіпбек Айтұлының «Дүние – қобыз, мен – абыз», «Бөрітостаған» «Ту», «Саяхатшы шыбын» секілді поэтикалық жинақтары ерекше назар аударуға тұрарлық.
19 қыркүйектен 16 қазанға дейін жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.