«Президент Жолдауы – болашаққа бағдар» Дауыстап оқулар
19.09.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалында «Президент Жолдауы – болашаққа бағдар» атты дауыстап оқулар өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының маңызды мақсаттары мен міндеттерін айқындады.
Бөлім пайдаланушылары мемлекет басшысының Жолдауымен мұқият және егжей-тегжейлі танысып, Қазақстанның өркендеуі мен дамуы үшін алға қойылған маңызды міндеттердің тиімді іске асатынына сенім білдірді.