Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мейірімге толы жүрек»
22.09.2025
Әмбебап оқу залы барлық тілек білдірушілерді Халықаралық қарттар күніне арналған «Мейірімге толы жүрек» көрме-қарауын тамашалауға шақырады. Бұл – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіретін дәстүрлі күн.
Көрмеде отбасылық құндылықтардың маңыздылығын, жастарды тәрбиелеудегі аға буынның рөлін, сондай-ақ кемеліне келген адамның өмір, даналық пен бақыт туралы ойларын ашатын кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көрме өз өмірін кейінгі ұрпаққа қамқорлық жасауға арнағандарды қорғаудың және құрметтеудің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Егде жастағы адамдарға қамқорлық көрсету мейірімділікті, ізгілік пен рақымшылықты тәрбиелеуге көмектеседі.
Барлығыңызды даналық пен жылулыққа толы кітаптармен танысуға шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ