«Конституция – Қазақстан халқының қорғаны» (ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналады)
23.09.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№40 мекемесі» РММ-нде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ақпараттық сағат өткізді. Бұл мереке ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылады, өйткені Конституция Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге деген ұмтылысын көрсетеді. Іс-шараға қатысушылар ақпаратты тыңдап, тақырыптық бейнеролик көрді.