Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Шоқанның шаңырағы»
24.09.2025
24 қыркүйекте «KitapTime–2025» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған іс-шара өткізді.
Кездесудің құрметті қонағы ретінде тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Шалғымбеков Айбек Батырханұлы шақырылды. Спикер өзінің мазмұнды және тыңдаушыға шабыт берер дәрісінде атақты шығыстанушы және этнограф өмірінің белгісіз жақтарын көрсете білді.
Жиналғандар қонақты үлкен қызығушылықпен тыңдады, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, естігендері туралы әсерлерімен бөлісті. Іс-шараның атмосферасы тарихи мұраға деген құрметтке және атақты жерлесіміз үшін мақтаныш сезіміне толы болды. Іс-шара аясында дайындалған тақырыптық кітап көрмесі қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ