«Әнге айналған өлеңдер»
03.10.2025
3 қазанда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ филиалында қазақстандық ақындар мен композиторлардың шығармашылығына арналған «Әнге айналған өлеңдер» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізді.
Қонақтар танымал әндерге негіз болған белгілі қазақстандық ақындардың поэтикалық шығармаларымен танысты. Іс-шара түрлі ұрпақтың тыңдаушыларын біріктіре отырып қазақстандық поэзия мен музыканың нағыз мерекесіне айналды. Қатысушылар музыкалық шығармаларды тыңдап қана қоймай, өлеңнің оқылған кезде қалай естілетінін және әнге айналған кезде қалай өзгеретінін, музыканың мәтіннің эмоционалды реңктерін қалай ашатынын талқылады.
Шығармашылық кездесу қатысушыларға рухани бірлік пен эстетикалық ләззат сыйлай отырып ұлттық әдебиетті, мәдениетті және музыкалық мұраны насихаттауға қосылған үлес болды.