«Осенняя пора… Очей очарование»
03.10.2025
3 қазанда кітапхананың жиналыс залында «Встреча друзей» музыкалық клубының күз тақырыбына арналған кезекті концерті өтті.
Кездесуге лирикалық әнді шын сүйетіндер – вокалдық топ пен әншілер Людмила Николаевна Лукьянова мен Татьяна Ивановна Жарконың жанкүйерлері жиналды.
Бағдарламада күздің барлық кезеңін – шуақты қыркүйектен бастап қарашаның сылбыраған жаңбырлы кештеріне дейінгі көріністі суреттейтін композициялар шырқалды. Кештің ахуалы жүрекке жылы және жанға жайлы болды, ал әр нөмір тыңдаушылардың жүрегіне жол тауып жатты.
Күзгі концерт «Встреча друзей» ұйымының тек музыкалық клуб емес, әнге деген сүйіспеншілік біріктірген нағыз шығармашылық отбасы екенін тағы да дәлелдеді.