Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Книга памяти»
06.10.2025
Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды насихаттау жобасы аясында «Кітап жане қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға Мұхамеджан Сералиннің «Книга памяти» атты үш томдық шығармалар жинағын ұсынып отырмыз.
Бірінші томның атауы – «До последнего вздоха». Ол замандастары мен жолдастарының, жерлестерінің, туған-туыстарының естеліктеріне негізделген. Басылымның көптеген беттері жазушы негізін қалаған мектептердің, Сералин ауылының тарихы және оның есімімен байланысты жерлер жайында.
«Запах родины» атты екінші томға М.Сералиннің поэмалары (қазақ тілінде және орыс тіліне тұңғыш рет аударылған), бұрын жарияланбаған өлеңдері, сыншылар мен әдебиеттанушы ғалымдардың мақалалары енген.
«Наследники» деп аталатын «Книги памяти» кітабының үшінші томына Қарабалық өңірі ақындарының 1960-2010 жылдар аралығындағы таңдамалы шығармалары енген. Бұл жерлестердің М.Сералинге берген өзіндік шығармашылық есебі іспетті.
Кітап көркем әдебиетті жақсы көретін және туған өлкесінің өнері жайында көбірек білгісі келетін кез келген адам үшін қызықты болып табылатыны сөзсіз!
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=knvyueG69fI

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ