«Нұр сәулесіндей ой қалдырған Ақыш»
09.10.2025
8 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ы. Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы ұйымдастырған «Алтынсарин алауы» іс-шарасы аясында «Нұр сәулесіндей ой қалдырған Ақыш» атты кітап көрмесін ұсынды. Кездесу жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыштың туғанына 75 жыл толуына арналды.
Көрмеге мерейтой иесінің шығармалары, оның мақалалары мен QR-кодтар қойылды. Қонақтар экспозицияға үлкен қызығушылық танытты және QR-кодтардың көмегімен автор туралы қосымша ақпарат көздерімен танысты. Нұрдәулет Ақыштың өзі кітап көрмесін жоғары бағалады.