Құрметті пайдаланушылар, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі назарларыңызға «Облыс тынысы» жобасының кезекті шығарылымын ұсынады.
«Қостанай таңы» газетінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 105 санында облыс әкімі Қ. Ақсақаловтың Амангелді және Жангелдин аудандарының тұрғындарымен кездесуі туралы «Арқалық кең тынысты қалаға айналады» атты мақала жарияланды. Арқалық қаласында болған өңір басшысы Мәдениет сарайының, қалалық аурухананың, Арқалық педагогикалық университетінің күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті. Сондай-ақ Торғай облысының білім және медицина саласының да жаңғыртылатынына тоқталды.
Тыңдау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=cCRpc_TuX7M