«Нейрографика»
10.10.2025
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде әр жексенбіде нейрографияны – сурет салу арқылы шығармашылық әлеуетті ашуға және өзіңнің ішкі жан дүниеңді жақсырақ түсінуге көмектесетін бірегей әдісті үйренуге арналған қызықты курстар өтеді. Қатысушылар сабаққа қуана және асыға келеді, белсенді қарым-қатынас жасайды, өз ойларымен және әсерлерімен бөліседі.
Курс жетекшісі Зоя Игнатенко нейрографияның сурет салу арқылы эмоционалды тепе-теңдікке қол жеткізуге, адамның өзін-өзі тануына және абстрактілі ойлауды дамытуға бағытталғанын айтады. Қатысушылар үшін әрбір кездесу – сурет салудың жаңа әдістерін меңгеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өзекті тақырыптарды талқылауға, өзін өзгелерге көрсетуге және тұлғалық өсуді талдауға мүмкіндік беретін керемет кеңістік.