«#ОқыЖәнеЖең»
13.10.2025
13 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қызметкерлері Қостанай құрылыс колледжінің және «ЗЕРЕК» колледжінің студенттерімен ақпараттық үгіт-насихат кездесуін өткізді. Студенттерді IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауына қатысу шарттарымен таныстырды.
Кездесу барысында байқаудың мақсаты, өтінім беру тәртібі және оны өткізу кезеңдері туралы айтылды. Студенттер белсенділік және байқауға қызығушылық танытты.