Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан – дала бесігі»
17.10.2025
17 қазанда кітапхана фойесінде «Қырым жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларының және көркем еңбек пәнінің мұғалімі, ҚР Жас суретшілер одағының мүшесі Жұматаева Инабат жұмыстарының «Қазақстан – дала бесігі» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмеге мектеп оқушыларының өз тәлімгерлерінің жіті бақылауымен және жетекшілігімен орындалған кескіндеме және графикалық жұмыстары қойылды.
Көрмедегі әрбір шығармадан туған жерге, оның шексіз кеңістігіне, ұлттық салт-дәстүріне, тарихы мен бай рухани мұрасына деген құрметті аңғаруға болады.
Көрменің ашылуына қаланың сурет өнерін оқытатын оқу орындарының студенттері, суретшілері және оқытушылары шақырылды. Жас өнерпаздар орындаған әсем әндер іс-шараға мерекелік реңк берді.
Көрме алдағы апталарда келушілер үшін ашық болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ