«Железная дорога Костанайского региона 1904-2024»
22.10.2025
22 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан темір жолдарының 120 жылдығына арналған «Железная дорога Костанайского региона 1904-2024» кітабының тұсаукесері өтті.
Кітапта теміржол қатынасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, жаңа магистральдар құрылысының тарихы, әртүрлі кезеңдердегі теміржол кәсіпорындарын дамыту, Қостанай өңірінің темір жолын қайта құру көрсетілген. Алайда бірінші кезекте бұл кітап көлік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдар туралы және Қостанай облысы үшін темір жолдардың экономикалық және әлеуметтік маңызы туралы баяндайды.
Іс-шараға теміржол саласының өкілдері, тарихшылар, өлкетанушылар, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кітап көрмесі, бейнероликтер, іс-шараның жүрекке жылы атмосферасы және танымдылығы мол мәліметтері қонақтарға кітаппен жақынырақ танысуға, өңірдегі теміржол ісінің тарихи мұрасын сақтаудың маңыздылығын талқылауға көмектесті.