«#ОқыЖәнеЖең»
23.10.2025
23 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қызметкерлері Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауына қатысу шарттарымен таныстыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға байқаудың мақсаттары, өтінім беру тәртібі, оны өткізу кезеңдері туралы айтылды, сондай-ақ байқауға қатысуға тіркелу процесі көрсетілді.