11 қарашада «Ақ таяқ» айлығы аясында зағип және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімнің қызметкерлері «Слабое звено» атты төртінші зияткерлік ойынын өткізді. Жеңімпаз атағы үшін үш іріктеу ойынына – бірінші, екінші және үшінші ойындарға қатысушылар күресті.
Викторина барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ой-өрістерінің кеңдігін және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Іс-шара ойыншыларға жарқын эмоциялар, достық жағдайындағы бәсекелестік рухын және жаңа білім сыйлады. Зияткерлік ойынның финалдық кезеңінің жеңімпазы болып Амангелдин Еркін танылды.
Төрт турдың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.